Өз өміріңізді өзіңіз сәндеңіз, ұсақ-түйекке қуана біліңіз немесе Dominique Loreau деген адамның "L'art de la simplicité" кітабынан түйгендерім.
Өз өміріңізді өзіңіз сәндеңіз, ұсақ-түйекке қуана біліңіз немесе Dominique Loreau деген адамның "L'art de la simplicité" кітабынан түйгендерім.

Барлықтарыңызға Dominigue Loreau (Доминик Лоро) деген адамның "L'art de la simplicité" (Искусство жить просто) деген кітабын оқуға кеңес беремін. Кедейлікке емес, керісінше, дүниені сүймеуге, ұсақ-түйекке қуана білуге, "осознанно" болуға, өз өміріңді өзің сәндеуге, қарапайым болуға үйретеді. "Анау жетпейді, мынау жетпейді" дегеннің орнына "маған осы жеткілікті" деген сөз өзінен өзі жүрегіңізге орнайды. Минимализм деген нәрсемен таныстырады. Минималист адам осы өмірде өзіне өмір сүруі үшін нақты не керек екенін түсінеді екен. Осы кітаптан кейін көп нәрсеге жүрегім де, көзім де қызықпайды. Жүрегім тып-тыныш. Осы кітапты оқығаннан кейін өзіңізді "душевно" бай сезінесіз. Жүрегіңіз де тыныш болады. Кітаптағы жазылған нәрселер Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өміріне ұқсайды. Бұл кітап мен үшін Құран Кәрім кітабынан кейінгі жақсы көріп оқитын кітаптарымның біріне айналды.

Майра АдайбекқызыМайра Адайбекқызы
10 күн бұрын 2127
0 пікір
Блог туралы